Туристік медициналық сақтандыру не үшін керек және оны қалай рәсімдеген жөн?
Демалыс кезеңі басталды, адамдар белсенді түрде саяхатқа шығуда. Осы орайда Stan.kz "Amanat" сақтандыру компаниясымен бірлесіп, туристі медициналық сақтандыру полисін әзірлеудің қаншалықты маңызды екендігі туралы сөз қозғамақ. Біз сізге оның қандай полис екенін, қандай тәуекелдерді қамтитынын, қалай қолдануға болатынын, қанша тұратынын, қалай жұмыс істейтінін және т.б. егжей-тегжейлі айтып береміз.

Сізге ыңғайлы болу үшін бұл мақаланы сұрақ-жауап форматында дайындауды жөн көрдік. "Amanat" сақтандыру компаниясы туристерді медициналық сақтандыру бойынша ең көп қойылатын сұрақтарға жауап береді.
Бұл қандай полис?
Ерікті халықаралық туристік сақтандыру – сақтандырудың бұл түрі ерікті, оны туристік фирманың көмегінсіз өз демалысын жоспарлап, ұйымдастыратын туристер сатып алады. Немесе міндетті сақтандыру полисіне қосымша екінші полис ретінде сақтандыру төлемінің көлемін ұлғайту және қосымша қызметтерді алу.
Туристік сақтандыру дегеніміз не және оны қалай алуға болады?
Шетелге сапарға шығуды жоспарлаған әрбір турист медициналық сақтандыруды алу міндетіне тап болады. Тіпті кейбір елдерге медициналық сақтандырусыз кіру мүмкін емес.
- Виза алу үшін. Мысалы, Шенген аймағына, Солтүстік Америка елдеріне кіру үшін сақтандыру болмаған жағдайда виза берілмейді. Өзіңіз баруға жоспарлап отырған елге виза алу үшін қандай талаптар барын сол елдің Елшілігі сайтына кіріп көре аласыз. Осыдан кейін сіз сақтандыруды Amanat сақтандыру компаниясы арқылы сатып аласыз.
- Медициналық шығындарды өтеу үшін. Тіпті виза алуды талап етпейтін елдердің өзіне бармас бұрын сақтандыру жасатқан жөн. Өйткені шетелде саяхаттау кезінде барлық күтпеген жағдайларды болдырмау мүмкін емес. Көп елде әдетте шетел азаматтары үшін медициналық көмек ақылы және қымбат болады. Жарақат алу немесе улану кезінде дәрігер қабылдауына бару қомақты соманы құрайды. Мұндай жағдайлар үшін туристі медициналық сақтандыру полисі қажет.
- Туристі медициналық сақтандыру полистері 3 күннен 1 жылға дейін әртүрлі кезеңдерге рәсімделуі мүмкін.
Сақтандыру полисін жасау жолдары:
Ең жылдам және ыңғайлы әдіс - сақтандыру полисін рәсімдеу. Алдымен компания сайтына кіріп, өзіңізге қажетті сақтандыру түрін таңдайсыз. Бөлімді таңдағаннан кейін баратын елді, мерзімді, сақтандыру шегін және мақсатын таңдайсыыз, егер сіз демалысыңызды белсенді өткізгіңіз келсе, осы опцияны қосуыңыз керек. Мәліметтеріңізді толтырып, төлем жасаңыз.
Қандай азаматтар сақтандыру ала алады?
- Қазақстан азаматы медициналық сақтандыруды ала алады;
- Тұрақты тұратын шетел азаматтары (тұрғылықты тұруға рұқсат негізінде);
- Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын шетел азаматтары.
Сақтандыру полисі нені қамтиды?
Сақтандыру бағдарламасы бойынша Amanat СК өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларды жедел емдеу мен диагностикалауды қамтиды. Мұндай жағдайларға, мысалы: қан кету, өткір ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, жедел аллергиялық реакциялар, улану, жәндіктердің шағуы, жануарлардың шағуы, күйіктер, жарақаттар, балалардың жіті жұқпалы аурулары және т.б. жатады.
Жедел емдеу және жіті жағдайларды диагностикалау сақтандыру аумағында, сақтандыру кезеңінде, сақтандыру сомасының шегінде жүзеге асырылады.
Туристі медициналық сақтандыру полисі қалай жұмыс істейді?
- Сервистік компания арқылы:
- Ол үшін денсаулыққа қатысты шағымдар туындаған жағдайда полисте көрсетілген нөмірлер бойынша Сервистік компанияға хабарласып, жағдайды хабарлау қажет. Сервистік компания тәулік бойы медициналық көмекті ұйымдастырады және сақтандырушының атынан медициналық қызметтерге ақы төлейді.
- Жеке шағымдану – егер қызмет көрсетуші компаниямен байланысу мүмкін болмаса:
Сақтанушы жақын маңдағы емханаға өз бетінше жүгінеді, медициналық шығындарды өз бетімен төлейді, 24 сағат – 3 күн ішінде сақтандыру компаниясына/сервис орталығына жағдайдың болғаны туралы хабарлайды. (Сақтандыру жағдайына байланысты барлық құжаттарды (диагнозды көрсететін медициналық құжаттар, өтініш беру кезіндегі шағымдар, тексеру нәтижелері, дәрігердің ұсыныстары, чектер мен шот-фактуралар) міндетті түрде сақтау қажет). Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін 30 күнтізбелік мерзім ішінде ол жұмсалған қаражатты өтеу үшін сақтандыру компаниясына жүгінеді.
Сақтандыру орташа есеппен қанша тұрады және дұрыс тарифті қалай таңдауға болады?
Орташа есеппен Amanat сақтандыру полисі күніне 1 еуро тұрады.
Amanat СК туристі ерікті халықаралық сақтандыру құны мыналарға байланысты: шетелде болу күндерінің санына, сақтандыру аумағына, туристің жасына, сапар мақсатына, қосымша тәуекелдерге (Covid-19 аурулары, ашық ауадағы іс-шаралар, кәсіби спорт, жарыстарға бару және т.б.), таңдалған сақтандыру сомасынан.
Саяхатшы сақтандыруды таңдағанда неге назар аударуы керек?
Сақтандыруды таңдағанда, оның демалысын қалай өткізетініне, демалыс белсенді немесе тыныш болатынына назар аудару керек.
Франшизаға назар аударыңыз, франшизасы бар полис арзанырақ, бірақ сақтандыру жағдайы болған жағдайда кейбір қызметтерді өзіңіз төлеуге тура келеді.
Саяхаттау елін таңдаған кезде медициналық қызметтердің бағасына назар аударуды ұсынамыз. Қымбат дәрі-дәрмек бар елдерде жоғарырақ сақтандыру сомасын таңдауды ұсынамыз, өйткені сақтандыру сомасы шұғыл ауруды емдеуге жеткіліксіз болған жағдайлар бар.
Сақтандыру полисінің қалай жұмыс істейтініне, бірінші сақтандыру оқиғасының басталысымен әрекет мерзімі аяқталады ма әлде бүкіл сақтандыру сомасының шегінде бүкіл кезеңге жарамды болады ма, осы мәселелерге назар бөлуіңізді ұсынамыз.
Медициналық туристі сақтандыру арқылы сіз демалыс кезінде өзіңізді және жақындарыңызды қорғайсыз және күтпеген жағдайларда әр нәрсеге алаңдамай, жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік аласыз.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады