Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқи ма – Министрлік жауап берді

Желіде маймыл шешегіне байланысты мектеп қашықтан оқытуға көшеді деген ақпарат тарады. Бұған денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

онлайн мектеп

Фото: Pexels.com

WhatsApp-та таралған ақпаратқа сәйкес, қашықтан оқу 15 қыркүйекте басталады.  

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жалған ақпарат деп түсіндірді. Ал 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталады.



"Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқытуға жіберіледі және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жыл сайын бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бекітіледі. Онда эпидемиялық маусымда алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу басталады. Маска режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі", – деді комитет өкілі.

Еске салсақ, оқу-ағарту министрі “биыл алғашқы қоңырау жексенбі күні өте ме” деген сауалға жауап берген еді.

Талқылау