Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуге дронмен соңғы бір жылдағы ірі соққы жасалды: Төрт адам қаза тапты

Мәскеу дрон шабуыл
Фото: vorobiev_live / Telegram

Ресейлік БАҚ Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ғимараттарға жасалған дрон соққылары салдарынан төрт адам қаза тапқанын жазды. Ал Украина әскері бұл соққылардың мұнай нысандарына және қару-жарақ өндіретін зауытқа бағытталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, шабуыл салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты, оның ішінде үшеуі Мәскеу облысында болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, осылайша Украина Ресей астанасына соңғы бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең ірі дрон шабуылын жасады.

Шабуыл кезінде Мәскеу облысында Үндістан азаматы қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған. Бұл ақпаратты Үндістан елшілігі растады. Дипломаттар оқиға орнына барып, ауруханадағы зардап шеккен жұмысшылармен кездескен.

Жрегілікті билік Белгород облысы аймағында, яғни солтүстік-шығыс Украина шекарасына жақын тағы бір адам қаза тапқанын хабарлады. Ал Ресей Қорғаныс министрлігінің дерегінше, соңғы 24 сағат ішінде ел аумағы үстінде 1000-нан астам украин дроны атып түсірілген.

Мәскеу дрон шабуыл
Фото: vorobiev_live / Telegram

“Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Мәскеу облысына жасалған жаппай дрон шабуылын "теракт" деп атады”, – деп жазды РБК.

Владимир Зеленский Ресей тарапынан жасалған шабуылдардан кейін болған соққыларды “орынды” деп атады. Жұма күні Зеленский Киев қаласына соңғы екі күндегі ең ауқымды дрондар мен зымырандар шабуылына жауап ретінде кек алуға уәде берді.

Ол Украинаның Мәскеу маңындағы қатаң әуе қорғанысына қарамастан, шекарадан 500 километрден астам қашықтықтағы нысандарға соққы жасай алғанын атап өтті.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Telegram-дағы хабарламасында бір соққы Мәскеу маңындағы жоғары дәлдіктегі қару-жарақ шығаратын зауытта өртке себеп болғанын мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2026 08:47