Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімовтің қызы экс-күйеуі, іздеуде жүрген кәсіпкер Қапеновтен мүлкін өндіріп ала алмады

Мәсімовтің қызы мен күйеу баласыКоллаж: Stan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуінен мүлік өндіру ісі бойынша сотта жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тамила Кәрім екі жылдан аса уақыт бойы экс-жұбайы Азамат Капенов және белгісіз азамат Ч.Б. Шейшекееваға қарсы соттасып келген. Сот процесі барысында жауапкерлер қарсы талап-арыз беріп, талап сомасын бірнеше рет ұлғайтқан. Алайда 9 маусымда Мәскеу қалалық соты Тамила Кәрімнің талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар нақты қандай мүлікті бөлісе алмай жүргені әзірге белгісіз. Сот шешімі базада жарияланбаған. Дегенмен соттасуға Мәскеудегі элиталық жылжымайтын мүлік себеп болуы ықтимал. 

Ресей Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Капеновтың Серебряный борда 2900 шаршы метрлік жер телімі бар үйі болған. 2020 жылы екі қабатты коттедж 1 миллиард рубльге (6 миллиард 710 миллион теңге) сатылымға шығарылған. Үйдің ішінде бірнеше жатын бөлме, төрт көлікке арналған тұрақ, сауна, кір жуатын орын және тағы басқа жайлар бар.


Қылыштар, тиын және зергерлік бұйымдар: Кәрім Мәсімовтің үйінен табылған заттар аукционға қойылды


Ішкі істер министрі Мәсімовтің "ауыр дертке шалдыққаны" туралы ақпаратты жоққа шығарды


"Выход к морю" Telegram-арнасы Капеновтың тағы бір жылжымайтын мүлкі туралы жазды. Оның Мәскеу маңындағы Жуковка ауылынан 931 м² көлемді зәулім үйін табылды. Мәліметке сәйкес, бұл баспананы сатып алу үшін Капенов шамамен 1,2 миллиард теңге жұмсаған.

Сонымен қатар, Азамат Капенов туған інісі Мадиярға Мәскеудің тарихи орталығынан 234,3 шаршы метрлік пәтер алып берген. Варсонофьевский көшесіндегі бұл үйде кезінде әйгілі кеңестік өнер қайраткерлері тұрған. Қазір пәтер Капеновтың анасы Айгүл Мұсаеваның атына рәсімделген.

Азамат Капенов пен Тамила Кәрім 2015 жылы шаңырақ көтерген. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін, Кәрім Мәсімов қамауға алынғанн соң ажырасқан. Сол кездеерлі-зайыптылар активтерді жасыру үшін ажырасты деген болжамдар айтылған. Алайда Мәскеу сотының базасындағы құжаттар 2023 жылы Тамила мен Азаматтың балалардың қамқорлығын бөлісу ісі бойынша соттасқанын көрсетеді. Құжаттарда олардың екі ұлы бар екені жазылған. 

БАҚ мәліметінше, БАӘ соты балаларды айына екі аптадан әр ата-анамен тең уақыт өткізуге шешім шығарған. Бұл деректер Тамиланың қазір Дубайда тұрып жатқанын растайды.

Айта кетейік, Азамат Капенов 2024 жылдан бері құқық қорғау органдарынан жасырынып жүр. Оны қазақстандық Антикор мен Мәскеу Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы іздеп жатыр.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 22 Тамыз, 2025 12:54
Талқылау