Мас болған: Алматыда көпірден секіріп кеткен ер азаматтың жағдайы белгілі болды
Алматыда көпірден секіріп кеткен ер адамның жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның жай-күйі жайлы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Ресми деректерге сүйенсек, 41 жастағы тұрғын көпірден секірер кезде мас болған.
"Оған "бассүйек-миының жабық жарақаты, миының шайқалуы, оң жақ жіліншігінің жабық сынығы" диагноздары қойылды. Қазір оның жағдайы "орташа ауыр" деп бағаланып отыр. Құлаған биіктігі шамамен 4-5 метрге жуық", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, кеше Алматыда ер адам жол үстіндегі көпірден секіріп кеткені жайлы айтылған еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды