Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 8 сынып оқушысы атасы үшін өкпені жасанды желдету аппаратын қолдан құрастырды

Маңғыстау облысында 8-сынып оқушысы Ислам Жалғасбай өкпені жасанды желдету аппаратын қолдан құрастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ИВЛ

Іnaktau порталының мәліметінше, жанұяның туысы Рахат Тұрғановтың айтуынша, олардың 67 жастағы атасына екі жақты пневмония диагнозы қойылған, содан кейін оны емдеу үшін ауруханаға жеткізген. Жасына байланысты болжамдар көңіл көншітпеді, сондықтан дәрігерлер біраз уақыттан кейін қарт адамды үйіне алып кетуді ұсынды. 

"Оның жағдайы ауыр еді. Біз оны үйге алып келдік, бәрібір күресеміз деп шештік, үміт бар еді. Ағамның ұлы Ислам да көмекке қосылды, YouTube-тан видеоны көргеннен кейін өкпені жасанды желдету аппаратын қолмен жинауға шешім қабылдады. Бала ақылды, ол әкесіне машинаны жөндеуге көмектеседі", - дейді Рахат Тұрғанов.

"Өнертабыс" үшін қажетті заттарды табу қиынға соқпады,  өйткені ауыл тұрғындарының үйлерінде әрдайым қажетті заттар кездеседі. Қажетті оттегіні отбасы сатып алды.

Баланың қолымен жиналған құрылғы атасының өмірін жеңілдетуге көмектесті.

"Ислам жасаған аппаратта атамыз тағы бірнеше күн жатты. Бірақ, өкінішке қарай, қолымыздан келетін барлық нәрсені істеуге тырысқанымызбен, одан айырылып қалдық", - дейді Рахат Тұрғанов.

Талқылау