Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында көлдегі қоқиқаздарды түсіруге тыйым салынады

Маңғыстау облысында құстар мен жануарларға, сондай-ақ олардың қорғалатын табиғи аумақтардағы мекендеу ортасына теріс әсер етуі мүмкін болғандықтан дронмен видеоға түсіруге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған шешімді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Талғат Аленов түсіндіріп берді.

Ол Қарағие-Қаракөл мемлекеттік табиғи қорығын түсіру кезінде дрондарды пайдаланатын демалушылардың әрекеттерін заңсыз деп атады.

Атап айтқанда, инспекторы Қаракөл көліне ұшып келген қоқиқаздарды түсіруге болмайтынын атап өтті. Бұл құстар өте сақ және қорқақ, туристер тарапынан болатынан қандай да бір әрекет құстарға айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.

Ол "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңның 12-бабында: "жануарлар дүниесінің жай-күйіне, тіршілік ету ортасына, жануарлардың көбею жағдайлары мен қоныс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қызмет жануарлар дүниесінің, оның тіршілік ету ортасының сақталуы мен өсімін молайтуды қамтамасыз ететін экологиялық талаптарды, оның ішінде экологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс" деп нақты жазылғанын еске салды.

Сондай-ақ, Аленов осы заңның 14-бабының 3-тармағына сәйкес, итбалықтардың, тұяқты жабайы жануарлардың және құстар тобының жаппай мекендейтін аумағының үстінен ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне тыйым салынатынын атап өтті.

"Осылайша, жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған кезде, сондай - ақ уәкілетті органның келісімінсіз шаруа қожалықтарымен байланысы жоқ адамдардың қызметі және жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасына, көбею жағдайларына, көші-қон жолдары мен шоғырлану орындарына әсер етуі мүмкін іс-әрекеттер бұзушылық болып табылады", - деп нақтылады Талғат Аленов.

Ол облыс тұрғындарын ережелерге түсіністікпен қарауға және жануарлар мен құстарға зиян тигізбеу үшін бар күш-жігерін салуға шақырды.

Еске салайық, Каспий маңында тұратын ақтаулық Азамат Сәрсенбаев бір топ қоқиқазды видеоға түсіріп алған. Қоқиқаздар Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне ұшып келген. Әсерлі шыққан видео әлеуметтік желілерде оқырмандар ықыласына бөленді.

Дегенмен кейін арнайы ведомство жауапкершілікке тартытыны белгілі болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр