Мамыр айында Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болмақ
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" Қазақстанның он облысында атмосфералық құрғақшылық болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктер құрғақшылық болатын елдің 10 өңірін атады.
- Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында және ішінара Арқалық қаласының маңында;
- Батыс Қазақстан облысында Теректі, Қазталов, Жәнібек, Жанғала, Ақжайық және Бөкейорда аудандарында;
- Атырау облысы бойынша Құрманғазин ауданында;
- Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
- Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында;
- Абай облысы Аягөз ауданында;
- Алматы облысы бойынша Балқаш ауданында;
- Жамбыл облысында Мойынқұм ауданында;
- Түркістан облысында Созақ ауданында;
- Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында;
- Ақтөбе облысында, Қобды ауданында және Ақтөбе қаласының маңында қалыпты ылғалдылық болады.
"Елдің қалған бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады", – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды