Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман электр қуатын көп тұтынатын тұрмыстық техникаларды атады

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының маманы Илья Рыбальченко электр қуатын көп тұтынатын тұрмыстық техникаларды. Олардың қатарында  су жылытқыштар, су ысытатын құралдар мен электр плиталар бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru басылымына сілтеме жасап. 

техника

Маманның пайымдауынша, жылытқыштар электр қуатын өте көп тұтынады. 

"Екіншісі – су жылытқыштар. Үшіншісі – электр плитасы. Төртіншісі – кір жуғыш машина. Бесіншісі – қазанды плитаға дұрыс қою. Егер конфорка қазаннан үлкен болса, ол ыдысты емес ауаны көбірек қыздырады. Алтыншысы – қосқышта жанып тұратын қызыл түсті жарықтар. Сонымен қатар электр есептегіштер де қуатты көп тұтынады, себебі оны өшіру мүмкін емес", – деді ол. 

Рыбальченконың сөзінше, үйдегі лампаларды жарық диодтыға ауыстырған жөн. Өйткені қыздыру шамы электр қуатын көп тұтынады дейді. 

"Электр қуатын көп тұтынатын техника – жылытқыштар. Мәселен, шәйнек жылытқышқа қарағанда қуатты болуы мүмкін. Бірақ ол қанша уақыт жұмыс істейді? 3-4 минут, су қайнағанша ғана. Егер техника әрі қуатты әрі ұзақ жұмыс істесе, көп шығынды қажет етеді. Сондықтан жылытқыш электр қуатын көп тұтынады дейміз. Әр түрлі су жылытқыштар бар", – деп қосты маман. 

Талқылау