Ләйлә Сұлтанқызы: Бала күнімде тесік аяқ киім ішінен пакет киіп мектепке баратынмын
Ләйлә Сұлтанқызы балалақ шағын айта келе ұстаздарына алғысын айтты. Бүгінде жеткен жетістігіне ұстазымның үлесі бар деп санайды.
«Жұрттың қызы, әне, кім болатынын шешіп, әрекет етіп жүр. Сен болса әлі жүрсің. Кім болам, қайда оқуға түсем?» деген шешімді әлі қабылдамағаным үшін 11-сыныпта әжемнен әбден ұрыс естігенім есімде. Бір ауыз сөзімен тағдырымды шешкен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміне мың алғыс. Менің «бүгінім» сол кісінің бағытының арқасы.
Мен сабақтан қашпайтын тормоз оқушы болдым. Ұлдарды сапқа тұрғыза алатын староста болдым. Төбелесте алдыңғы планда тұратын бочка болдым. Қыстың күні екінші қыс киіп жатқан етігімнің тесігінен су кірмесін деп аяғыма целлофан пакет киіп жүретін Сұлтанның үздік оқушы қызы болдым. Заман жаһанданып, адам өзгерсе де ұстазға деген құрмет кемімесін. Мереке құтты болсын, ұлағатты ұстаздар. Сүйікті ұстазыңызды белгілеп кетіңіз, бірге құттықтайық", - деп жазды тележүргізуші.
Желідегі оқырмандары әртүрлі пікір жазысты.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы", "Балалығыңыз қиын болған ба?", "Сізді тесік аяқ киім киді дегенге сене алмаймын", "Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстазыма алғысымды айтқым келеді", "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын", - деп жазды олар.