Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны дәрігерлер дауа таппаған дертін ешкі сүтімен емдеп жатыр (фото)

Қызылорда қаласының тұрғыны Қанибай Шыңтасовтың жас кезінен жүрегі ауырады. Денсаулығы сыр берген азамат екінші топтағы мүгедек. Жыл сайын мамандардың бақылауында болатын ол дәрі-дәрмек ішуден әбден шаршағанын айтады.

9

Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Дәрігерлер мен жақындарының кеңесіне құлақ асқан ол жүрегін ешкінің сүтімен емдеуге кірісіпті. Бұл үшін ол тіпті Еуропалық тұқымдағы ешкілерді сатып алған. Өзіміздің  ешкілерден оның бағасы әлдеқайда қымбат. Мұндай үй жануары облыс бойынша Қанибай Шыңтасовтың қорасында ғана бар.

1

«Шетелдік тұқымның ерекшелгі өте көп», – дейді тұрғын. Мәселен оның мүйізі жоқ. Малдың жүні де өзгеше. Қарапайым ешкілерге қарағанда сүтті әлдеқайда көп береді екен. Күніне бір ешкіден 3 литр сүтке дейін алуға болады. Қазір ешкілер төлдеп, саны артуда. Бұл ретте мал азығының құнарлығы көп әсер ететіні белгілі.

3

Қанибай Шынтасов күніне екі кесе ешкінің шикі сүтін ішеді. Алғашқыда ағзасы үйрене алмағанын жасырмайды. Кейіннен жағдайы жақсарған соң, емді сүтті тұрақты түрде ішуді қолға алыпты. Жұбай Гүлжамал шыңтасова ерінің бұләрекетін толығымен қолдайды.

4

5

«Ешкінің сүті ем екені белгілі. Қанибай сүтті шикілей ішсе, балаларыма пісіріп, айран ұйытып беремін. Қатығы да айрықша дәмді болады. Туыстарымызға құйып беріп жібереміз», – дейді ол.

7

Қазіргі күні мұнда онға жуық Еуропалық ешкі бар. Әзірге сүтін саудаға шығарып жатқан жоқ. Кейіннен мал басы көбейген соң, арнайы кәсіп етіп, төл басын көбейту көзделіп отыр.

2

6

8

10

Талқылау