Құралай Нұрқаділова: Анам орамал тағып, намазға жығылды
Құралай Нұрқаділова марқұм әкесі Заманбек Нұрқаділовті еске алды. Әкесінің халық адамы екенін айта келе, анасы екеуінің арақатынасын баяндады. Анам өте дана әйел дейді ол. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.
Құралай Нұрқаділова анасының мінезі мен қазіргі жайын баяндады.
“Анам қазір оранған, намазға жығылды. Ол барлық қиындықтарды жеңді. Жалғыз тұрады. Анам өте дана әйел. Ер адамды азамат жасаған нағыз әйел. Ақылды адам айқайлаған адам емес, үндемеген адам. Менің анам көптің көзіне түсуге талпынбайды. Ондайдан қашады. Өзі туралы айтқанды ұнатпайды. Әкем туралы қанша нәрсе біледі. Бірақ дана әйел, әкемнің абыройын ойлап, ешқашан ешнәрсе айтқан жоқ. Ешкімге сұхбат берген емес. Ешқашан олай етпейді де”, – деді қызы.
Марқұм әкесі мен анасының кез келген нәрседе ақылдасқанын, ақыл сұрағаны қызының есінде.
- “Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді”: Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісовамен арақатынасы жайлы
- "Әкем болғанда, басшысыз қалмас едік": Құралай Нұрқаділова қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді
“Әкем анаммен жиі ақылдасатын. Әлдебір мәселе болса, бірге шешетін, ақылдасатын. Анам саясаттанушы ретінде, ада ретінде өте ақылды. Мен қазірдің өзінде бір нәрсені шеше алмасам, анама барамын. Анаммен ақылдасамын”, – дейді ол.
Дизайнер келінімен бірге тұруға дайын емес. Бала үнемі ата-ананың жанында болуға міндетті емес. Әркімнің өз отбасы бар деп санайды.
“Мен жақсы ене болатынымды білемін, бірақ келінмен бірге тұрмаймын. Әркім өз отбасымен болғаны дұрыс. Ешкім біреудің отбасына араласа алмайды. Ұлымның сүйіктісімен қазір араласамын. Бірақ бөлек тұрамын. Қазірдің өзінде сөз салатын азаматтар көп. Оны жасырып қайтемін. Мен енді өзім үшін өмір сүргім келеді”, – деді дизайнер.
Құралай ханым әкесі туралы кітап жазып жатыр. Алайда оның қашан жарыққа шығары белгісіз. Дегенмен бұл кітап қоғамның ойын өзгертетініне сенімді.