Курстастарын қорқытып, ақша талап еткен: Батыс Қазақстан облысында студенттер тобы ұсталды
Батыс Қазақстан облысында студенттер тобы бопсалау күдігімен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скрин
Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің өз курстастарынан қорқытып ақша талап еткені анықталды.
“Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды