Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог кәмпиттерді қандай пайдалы тәттілермен алмастыруға болатынын айтты

Тәттіқұмар адамдар үшін тәттіден бас тарту оңай емес. Алайда диетолог маман Екатерина Бурляева денсаулыққа зиян тәттілерді пайдалысымен алмастыруға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты баслымына сілтеме жасап хабарлайды.

Терапевт, диетолог дәрігер құрамында қанты көп тәттілердің орнына кептіріліген өрік, қара өрік немесе інжірден жасалған тәттілерді жеуге болатынын айтады. 

“Кептірілген жемістердің артықшылығы олардың құрамында май аз және калориясы төмен. Әдетте, шоколадтардың энергетикалық құндылығы 570 ккалға тең. Ал кептірілген жемістерден жасалған кәмпиттерде – шамамен 400 ккал”, – дейді Екатерина Бурляева.

Сондай-ақ қарапайым тәттілердің құрамында 40-50 грамм көмірсу болса, кептірілген жемістерден жасалған тәттілерде көмірсу мөлшері 70 граммнан асады. Кептірілген жемістер қосылған тәттілерде қарапайым және күрделі көмірсулар да бар. Яғни, ағзаға қажет жасунықтар асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

“Қарапайым көмірсулар тез сіңетін және ас қорыту процесіне араласып кететін қасиетке ие. Сондай-ақ ол қандағы глюкоза деңгейінің жылдам өсуіне ықпал етеді. Егер адам қоғалмаса, жаттығу жасап, спортпен айналыспаса, каллориялар майға айналып, артық салмаққа әкеліп соғады. Тәттілердің құрамындағы күрделі көмірсулар ұзақ қорытылады”, – дейді дәрігер.

Екатерина Бурляеваның айтуынша, кептірілген жемістердің құрамында микроэлементтер мен дәрумендер көп.

“Кептірілген өрік қан қысымын қалыпқа келтіреді және жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартатын калийге бай. Кептірілген өріктердің құрамында көптеген ашық қызғылт және сары түсті жемістер секілді А дәрумені мен бета-каротин бар. Сондай-ақ кептірілген өрік хромға бай. Хром жүйке жүйесінің, мидың қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Ал қара өріктің құрамында тері мен қан тамырларының саулығын қамтамасыз ететін антиоксидант – Е дәрумені бар. Қара өріктегі К дәрумені бүйректегі тастардың пайда болуын алдын алып, ағзадағы пайдалы және зиянды холестериндердің теңгерімде болуын қамтамасыз етеді. Қара өрік құрамында ферменттер мен гормондардың синтезіне қатысатын кремний бар. Сонымен қатар, інжір де хром мен кремнийге бай”, – дейді Екатерина Бурляева. 

Дегенмен бұл айтылған дүниелер кептірілген жемістерді үзбей жеу керек дегенді білдірмейді. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға тәттіні көп жеуге болмайды. Көбіне артериялық гипертензиямен және жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастар артық салмақтан арыла алмай қиналады. Олар тәттіден үзілді-кесілді бас тартуы керек.

“Егер артық салмағыңыз болмаса, жүрек-қан тамырлары аурулары мазаламаса, күніне 4 дана (шамамен 50 г) кептірілген жемістерден жасалған тәттілерді жеуге болады”, – дейді маман.

Талқылау