Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ қарызынан құтылу үшін қазақстандықтар билетті 3 есе қымбатқа сатып алуы керек

Елімізде әзірге жолаушылар пойызының билетінің құнын көтеру жоспарда жоқ. Алайда көлік министрі Марат Қарабаев теміржол тасымалының құнын көтеру арқылы ҚТЖ-ға мемлекеттік қаржыландырудан құтылуға көмектесуге болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/railways_kz

Билет бағасы жолаушылар тасымалының шығынының бір бөлігін жаппайтындықтан мемлекет теміржол тасымалын субсидиялауға мәжбүр. 

“Шамамен 23 миллиард теңге. Мемлекеттік субсидиялау – айналып келгенде салық төлеушілердің ақшасы. Сондықтан субсидияланатын бөлікті азайту үшін билеттер құнын көтеруді қарастыруға болады. Бірақ бүгінде жолаушылар билеттерінің құнын көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ”, – деді министр.

Осы тұста журналистер “ҚТЖ компаниясы мемлекет бюджетіне тәуелді болмас үшін билет бағасы қанша болуы керек?” деген сұрақ қойды.

Бұл сауалға ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қанат Әлмағамбетов: “Шығынның бәрі ақталу үшін билет бағасы 3 есе қымбатқа сатылуы керек” деп жауап берді. 

Бұған дейін Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қарызын төлемесе, дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін айтқан еді. Компанияның қарызы 2024 жылдың басында 2,9 триллион теңге еді. Ол қазірдің өзінде өсіп жатыр. 

Талқылау