"Жыныс мүшемнен ұстап, допша домалатты": Түркістандық қойшы өзін полицейлердің азаптағанын мәлімдеді (видео)
Түркістан облысында 50 жастағы шопан полицейлерден қорлық көргенін айтып, әділдік іздеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ер адамның айтуынша, бір топ сарбаз қыркүйекте оны полиция бөлімшесіне апарған, ал бөлімшеде бір топ полиция қызметкері жабылып соққыға жыққан көрінеді.
50 жастағы Нұртай Хожанов Түркістан облысына Өзбекстаннан он жыл бұрын көшіп келген. Содан бері Шардарада қой бағатын шопан қыркүйек айында құзырлы орган өкілдерінен қорлық көргенін айтады. Полицейлер тіркеуінен өтуді сұраған сарбаздар өзін полиция бөлімшесіне апарып, ал ондағылар бас салып ұрғанын жеткізді. Бәріне көрші отарда жоғалған сегіз ешкі себеп.
"Мені тіркеуден өтуімді сұрап, полицияға алып кетті. Барған бойда жұдырық астына алды. Ерніп қанап, қолдарым көгерді. Оның бәрі аз десеңіз аузымды скочпен байлап, басыма пакет кигізді. Сөйтіп, жыныс мүшемнен бұрап, допша домалатты. Бір кезде көрші кабинетке апарым сегіз ешкіні ұрлағанымды мойындауларын сұрады. Иә, мен қойшымын. Бірақ, ешқандай ешкі ұрламағанымды айттым", – дейді Нартай Хожанов.
Нартай Хожанов өзі қарайтын отардан 3 шақырым жерде тағы бір отардың барын айтады. Оның иесі Шардара ауданындағы полиция қызметкерінің інісі дейді. 8 ешкім ұрланды деген де дәл сол тұрғын екен. Полиция бөлімшесінде азапталдым деген Хожанов ешкіні ұрлағанымды мойындауымды дәл сол отар иесі сұрады дейді. Сұлап жатқан оны құзырлы орган өкілдері әуелі ауруханаға апарып, кейін туысының үйінде тастап кеткенін жеткізді.
-
"Майордың тапсырысымен соққыға жығылған": Жаркенттегі офицердің өліміне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды
"Соққы астында қалғанымды ешкімге айтпадым. Жағдайымның ауыр екенін әуелі әйелім байқады. Сөйтіп, әпкеммен прокуратураға арыз жаздық. Содан кейін үйіме мені қорлаған Нұрлан Жәрменов келді. Кешірім сұрап, ұрлықты басқа біреу жасағанын айтты. Бірақ, бәрі кеш еді. Өйткені дәрігерлер маған өте ауыр диагноз қойды", – дейді жыларман болған жігіт ағасы.
Полиция бөлімшесінде азапталды деген Хожановтың бұдан былай балалы болуы да екіталай. Өйткені дәрігерлер ауыр соққыдан жыныс мүшесінің бірі істен шығып, қайта қалпына келуі белгісіз деген анықтама берген.
"Нартай Хожанов бізге желтоқсан айында келді. Сол кезде видеоүндеу жасап, ақыры прокуратура қылмыстық іс қозғады. Алайда, онда бір ғана бап көрсетілген. "Билігін асыра пайдалану" бабына "Азаптау", "Адам ұрлау" баптарының да қосылуын талап етеміз", – дейді жәбірленушінің заңды өкілінің көмекшісі Жадыра Наурызбайқызы.
Өмірден баз кештім деген азамат әділдіктің орнауын талап етеді. Құқығымды қорлады деген мамандар қорлады деген ол Нұрлан Жәрменов үстінен арыз жазыпты. Жергілікті прокуратура әзірге бір бап бойынша ғана іс қозғаған.
"Түркістан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Хожановтың арызы негізінде Шардара АПБ-нің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 362-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынып, облыс прокуратурасының нұсқауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жургізілуде", – дейді Түркістан облысының прокуратурасы.
Жәбірленуші тарап кем дегенде тағы екі баптың қосылуын сұрайды. Олар "азаптау" және "адам ұрлау". Істі араға үш ай салып қозғады деген прокуратура өкілдерінің қылмыстық іс баптарын көбейтуі әзірге сұрақ күйінде қалып отыр. Ал, қойшыға қорлық көрсетті деген құзырлы орган өкілінің лауазымы сол баяғыша дейді жәбірленуші өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысындағы түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкері өзін үш басшысы соққыға жығып, жұмыстан мәжбүрлеп шығарғанын мәлімдеген еді.