Қостанай облысында эвакуациялау кезінде ер адам жоғалып кеткен
Полицияға 73 жастағы әйел 56 жастағы ұлының жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол Аманқарағай ауылы тұрғындарын эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"4 қыркүйек күні полиция бөліміне 73 жастағы әйел 56 жастағы ұлын іздеуге көмек сұрап жүгінген. Ер адам 3 қыркүйекте Аманқарағайда эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта ер адамның тұрғылықты жері бойынша іздестіру шаралары мен қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінен.
Бұл факт қылмыс құрамының формальды белгілері – "Адамның жоғалуы" бойынша тіркелді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Барс" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Аманқарағайдағы орман өртіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған ер адам туралы ақпарат таратқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды