Қостанай облысында полицейді өз үйінің ауласында өлтіріп кеткен
Қостанай облысында полиция қызметкерін өлтіріп кеткен. Ер адамның денесі өз үйінің ауласынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерінің жансыз денесі табылды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қаза тапқан қызметкер криминалист болып жұмыс істеген және жыл сайынғы еңбек демалысында болған.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді полиция.
Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу барысы ішкі істер министрлігінің бақылауында.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады