Қостанай облысында дауыл салдарынан көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті (видео)
Әлеуметтік желіде Қостанай облысында көпқабатты үйдің шатыры ұшып кеткені түсірілген видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қостанай облысы әкімдігі
Оқиғаның видеосы Наша Газета басылымының телеграм арнасында жарияланды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, видеодағы жағдай Тобыл қаласында болған.
“Тобыл қаласы Водник шағын ауданындағы 4 қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Қазір тиісті қызметтер жағдай мен қирау ауқымын бағалауда”, – делінген хабарламада.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында дауыл салдарынан 103 елді мекеннің жарықсыз қалғаны туралы жазған болатынбыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды