Коронавирустың жеңіл түрімен ауыратын және симптомсыз науқастар қай кезде толық сауығады
Коронавирустың жеңіл түрімен ауыратын және симптомсыз науқастардың ауруы екі аптаға созылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің кардиология жөніндегі кеңесшісі, "ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің хаттама бойынша, 10-14-ші күні, егер бұл симптомсыз жеңіл емес форма болса. Жеңіл пневмония болса, әр науқас үшін - дәрігердің ұсынысы бойынша", - деді Бекбосынова.
Сонымен қатар, ол әрбір науқасқа жеке қарау керек екенін атап өтті.
"Мен бүкіл елге 10 күннен кейін сіз сауықтыңыз, шыға беріңіз деп айта алмаймын. Жеке тәсіл қажет. Бірақ орташа есеппен - шамамен екі апта", - деп нақтылады ол.
Сондай-ақ, ПТР сынақтарына қатысты Бекбосынова 30% жағдайда тапсырғандардан коронавирус табылмайтын айтты.
"Әлемдік статистика бойынша, КВИ бар адамдардың ПТР-тестінің 30%-ы теріс нәтиже береді. Енді барлығы осы ПТР-сынағын тапсыру керек пе деген ой келеді?"- деді дәрігер.
Оның айтуынша, ПТР-тест өткізу үшін қатаң нұсқамалар болуы тиіс.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады