Коронавирустан болуы мүмкін: Қостанай облысында 43 жастағы әкім орынбасары көз жұмды
Қостанай облысында Жангелді ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаев көз жұмды. Өлімнің болжамды себебі - коронавирустық инфекция, деп хабарлайды Saqshy Qostanai-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"COVID бойынша өлім жағдайын зерттеумен арнайы құрылған комиссия айналысады. Ол медициналық құжаттаманы егжей-тегжейлі зерттеп, өлім себебін анықтайды. Толығырақ ақпарат комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін шығады", - делінді портал ақпаратында.
43 жастағы Бақытжан Торбаев 2017 жылдың маусым айынан бастап Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
3 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында коронавирусты жұқтырудың 993 жағдайы расталып, 309 адам емделіп, үшеуі көз жұмды.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде қала әкімі Ермақ Сәлімов коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланған.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ