"Дайынсыздар ма?" Димаш Құдайберген жаңа әнінің тілін жанкүйерлеріне таңдауды ұсынды

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген дүние жүзіндегі жанкүйерлеріне ерекше байқау жариялады. Оның нәтижесіне қарай өнер иесінің жаңа әні қай тілде орындалатыны анықталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны әнші Instagram парақшасында мәлімдеді. Әлемдік турне қарсаңында Димаш түрлі елдердегі фан-клубтар арасында өзіндік жарыс ұйымдастыруды ұйғарған.
“Сынақты қабылдайсыздар ма? Жақында менің әлемдік турнем басталады. Осы жазбаның астында қай елдің жанкүйерлері белсенділік танытса, жаңа әнімді сол елдің тілінде жазуды шештім. Пікірге өз еліңізді жазыңыздар, достарыңызды белгілеңіздер. Қай фандомның мықты екенін көрейік. Дайынсыздар ма? Кеттік!” – деп жазды әнші.
Димаштың бұл ұсынысы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер арасында бірден қызу қолдау тапты. Жазбаның астында аз уақыттың ішінде түрлі елдерден мыңдаған пікір қалдырылған.
ОқыңызӘсіресе Чили, Аргентина, Мексика, Бразилия, Таиланд, Ұлыбритания, Латвия және басқа да мемлекеттердегі жанкүйерлер белсенділік танытып жатыр. Олардың көпшілігі отандастарын пікір қалдырып, достарын белгілеуге шақырған.
“Мексика. Қымбатты Димаш, испан тілінде ән айтсаңыз екен!”, "Бразилия жеңеді! Португал тілінің бразилиялық нұсқасында ән айтуға дайындала беріңіз”, “Алға, Латын Америкасы! Димашты кімнің көбірек жақсы көретінін көрсетейік”, – деп жазды жанкүйерлер.
Ал кейбір тыңдармандар әннің қай тілде шыққанына қарамастан, оның ерекше туынды болатынына сенетінін жеткізген.
Байқау қорытындысында жанкүйерлері ең белсенді болған ел жеңімпаз атанады. Димаштың жаңа әні сол мемлекеттің тілінде жазылады.
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген жаңа челлендж жариялағаны, ал жеңімпаз оның жаңа клипіне түсетіні хабарланған еді.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді