Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фельдшерді соққыға жыққан ақтөбелік 2 жыл 6 айға сотталды

Жедел жәрдем фельдшер
Фото: freepik.com

Ақтөбеде ер адам жедел жәрдем фельдшерін ұрғаны үшін қауіпсізігі ең жоғары мекемеде 2,6 жыл жазасын жазасын өтейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тime.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Таңңы уақытта әйел Жеңіс аллеясындағы орындықта ұйықтап жатқан ер адамды байқаған. Оның жанында ішімдіктен қалған бөтелкесі тұрған. Ол үшін алаңдаған әйел бірден жедел жәрдем шақырған.

Бірнеше минутта оқиға орнына жедел жәрдем көлігінен жас фельдшер түсіп, ер адамның тамыр соғысын тексеріп, қан қысымын өлшеу үшін тонометрді алып жатып оның жеке мәліметтерін сұраған. Алайда ер адам ештеңе деп жауап берместен, үнсіз жатқан.

Фельдшер полиция шақыру қажет екенін айтқан сәтте ғана ер адам орнынан атып тұрып, медицина қызметкерінің шап тұсына бар күшімен теуіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, фельдшердің өзіне де медициналық көмек қажет болған.

Сотта 37 жастағы айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, өзін қатаң жазаламауды сұрады. Айтуынша, өзі ешқандай медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Алайда Ақтөбе қаласының №2 соты бұл уәждерді негізсіз деп танып, оны медицина қызметкеріне күш қолданғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот үкімімен ер адам 2 жыл 6 айға қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтейді. Сондай-ақ ол зардап шеккен медицина қызметкеріне 300 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұған дейін елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталып, медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2026 14:52