Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус пандемиясы әлі өз шыңына жеткен жоқ - ДДСҰ басшысы

Әлемдегі коронавирус пандемиясы әлі өз шыңына жеткен жоқ. Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, демалыс күндері әлемде 400 мың жұқтыру жағдайы анықталған.

"Өршу жеделдеуде, біз әлі эпидемия шыңына шықпадық", - деді ДДСҰ басшысы.

"Қазіргі уақытта бүкіл әлемде 11,4 миллион жұқтыру оқиғасы тіркелді, 535 мыңнан астам адам көз жұмды", - деді Тедрос Адхан Гебрейесус.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, ДДСҰ сарапшылары жақын арада Қытайға барып, COVID-19 пайда болуының сипатын және оның жануардан адамға қалай берілетінін анықтайды.

"Барлық дайындық аяқталды және ДДСҰ сарапшылары COVID-19 зооноздық көзін анықтау үшін қытайлық әріптестерімен бірге ғылыми жоспарларды дайындау үшін Қытайға жіберіледі. Сарапшылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқаратын халықаралық миссияның қамту саласы мен шарттарын әзірлейді, оның мақсаты СOVID-19 жануар тасымалдаушыларын зерттеп, аурудың жануарлардан адамға қалай өткенін анықтау", - деді Гебрейесус.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 жаңа коронавирустың өршуіне байланысты пандемия жариялады.
 

Талқылау