Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус: Денсаулық сақтау вице-министрлері вакцина салуды өздерінен бастады 

Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін дәрігер тексерді. Вакцинация алғаннан кейін оларды 30 минут бақылады.

"Мен үнемі вакцина аламын. Бұл – ең тиімді қорғаныс құралы, сондықтан вакцинаға қол жеткізген алғашқы елдердің бірі болғанымызға қуануымыз керек. Жеке өзім вакцина арқылы медицина мамандарын, тұтас халықты қорғай алатынымызға қуандым. Ресейлік, қазақстандық вакциналарға келсек, барлық вакцинаның қорытындысы бір – ағзада коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет/антиденелер пайда болады. Вакцина саларда да еш уайымдаған жоқпын. Өйткені мен дәрігермін және вакциналық препараттардың артықшылықтары мен кері әсерлерінен хабардармын", - деді Ажар Ғиният 

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халықты вакцинациялау басталды.

Ресей Федерациясында өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізілді, ол барлық аймақтарға таратылады.

Вакцинаны тек ересек ел азаматтары ала алады.

Вакцинацияның бірінші кезеңінде медицина қызметкерлері екпе салдырады.

Ақпан айында жүз мыңға жуық қазақстандық дәрігер вакцина алады.

15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында өндірілген "Спутник V" препараты қолданылады.

Ал сәуірден бастап отандық QazCovid-вакцинасымен егі басталады.

Елімізде COVID-19 вакцинациясы 2021 жылдың аяғына дейін жалғасады, 6 миллион адамға дейін адам қатысыда деп жоспарланып отыр. 

Талқылау