Көкшетаудағы моншада 3 бала уланып қалды
Көкшетаудағы монша кешенінде кәселеттік жасқа толмаған үш бала уланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазанда болған. Сағат 20:20-да қала тұрғынынан үш баланың уланып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
"Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына "химиялық затпен улану" диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған үш бала жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 306-шы бабының 2-бөлігі "...қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді ведомстводан.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген