Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалды
Көкшетау қаласында мектеп ауласында асылып қалған 18 жасар бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Фото: elitar.kz
Ақмола облыстық ПД мәліметінше, 20 шілдеде сағат 9:50 шамасында Әуелбеков көшесіндегі №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.
"Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "өзін өзі өлтіруге жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде", – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды