"Қоғамда дау туғызды": Депутат Ринат Зайытовтың тәртібі мәжілісте қаралды
Қоғамда дау туғызған мәлімдемесінен кейін Ринат Зайытовтың тәртібі мәжілісте қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төменгі палата спикері халық қалаулысын ортаға алып, жұртты шулатқан пікірін талқыға салған. Тіптен арнайы дисциплинарлық топ та құрылған.
Депутат "Қазақстанда алаяқтық жасағандардың 80 пайызы намаз оқитындар" деген мәлімдемесінен кейін қоқан-лоққы жасайтындар көбейіп кеткенін айтады.
“Өзімнің тарапыма айтылатын сөз, басқасы болмасын, мен барлығына дайын келген адаммын. 20 жыл сахнада жүргенде де, тіпті сіздерге белгілі, 2019 жылы оқиғалардан кейін де, барлығынан өткенмін. 2011 жылы айтыстан алып қоятын кезде барлығынан өткенмін. Иммунитетім бар. Мені жолымнан қайтарады деген ол жаңсақ пікір”, – деді мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан