Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клубтың жүйелі жұмысының нәтижесі: "Ордабасы" ҚПЛ-да көш бастады

RBK

Клубтың жүйелі дамуы және Bank RBK-нің қолдауы "Ордабасыға" чемпиондық үшін күресуге және Қазақстан футболында жаңа стандарттар қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры турнир кестесіндегі көшбасшылар тобы үшін маңызды кезең болды. Қарқынды дамып келе жатқан шымкенттік "Ордабасы" клубы алғаш рет чемпиондыққа үміткерлер жарысында көш бастады. Осылайша бірінші орындағы алматылық "Қайратты" ығыстырды.

Андрей Мартин бапкерлік ететін команда Шымкенттегі өз алаңында өткен матчта алматылықтарды 2:1 есебімен жеңген соң ғана турнир кестесінде көш бастады. Айта кетейік, бұл жеңіс бұған дейін қалыптасқан үрдістің жалғасы болды: өткен турда "Қайрат" өз алаңында "Қайсармен" күтпеген жерден ұпай жоғалтса, "Ордабасы" Қостанайда "Тобылды" сенімді түрде ойсырата жеңіп, чемпиондық үшін тартысты одан әрі өршітті.

Спорт қауымдастығының өкілдері атап өткендей, бір жыл бұрын ғана "Ордабасы" чемпионаттың орта деңгейіндегі мықты клубтардың қатарында болса, бүгінде команда мүлде жаңа даму деңгейін көрсетіп отыр. Өзгерістер тек спорттық нәтижелермен шектелмей, матчтарды ұйымдастыру, жанкүйерлермен жұмыс және клубтың имиджін қалыптастыру салаларын да қамтыды. Үйдегі ойындарда трибуналар толып, ал матчтарға бару қала үшін маңызды оқиғалардың біріне айналған.

RBK (1)

Бұл өзгерістердің негізінде клубты жүйелі дамыту тәсілі мен бизнестің қолдауы жатыр. "Ордабасы" клубының ресми серіктесі — Bank RBK. Бұл банк Қазақстандағы спортты дамытуды жүйелі түрде қолдап келеді, тек спорттық нәтижелерге емес, сонымен қатар заманауи инфрақұрылым құруға және жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер жасауға инвестиция салып отыр.

"Bank RBK үшін спортты қолдау – бұл адам әлеуетін дамытуға, мықты мінез-құлық қалыптастыруға және өңірлік қауымдастықтарды нығайтуға салынған инвестиция. Біз клубтың жүйелі жұмысы, команданың кәсібилігі және жанкүйерлердің адалдығы "Ордабасыға" осындай әсерлі нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергенін көріп қуанамыз. Бүгінгі чемпионаттағы көшбасшылық – бұл ортақ үлкен еңбектің нәтижесі, әрі біз клубтың әрі қарай дамуына және жаңа жеңістерге жетуіне мүмкіндік бар екеніне сенімдіміз", – деді "Bank RBK" АҚ Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Маусымдағы басты фавориттердің бірін жеңу "Ордабасының" ең жоғары орындар үшін күресуге дайын екенін айқын түрде дәлелдеді.

Бүгінде "Ордабасы" сауатты басқару, бизнестің қолдауы және жанкүйерлердің сенімі клубты сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтере алатынын көрсетіп отыр. Ал чемпионаттағы көшбасшылық – осы үлкен еңбектің тек бір нәтижесі.

Келесі турда бүкіл елдің футбол жанкүйерлері екі матчты – Алматыда "Қайрат" пен "Атыраудың" және "Ордабасының" Семейде "Елімаймен" сырт алаңдағы кездесуін күтеді. Дәл осы екі ойынның нәтижесі шымкенттік клубтың чемпиондық амбициясының қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ "Қайраттың" көшбасшылар арасындағы айырмашылықты ұлғайтуға жол бере ме, жоқ па – соны көрсетпек.

Лицензия № 1.2.100/245/41, 2021 жылғы 5 сәуірде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тарапынан берілген

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2026 11:54