Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысындағы мектептерде жеңгетайлық үшін сотталған және психиатрдың есебінде тұратын мұғалімдер жұмыс істеп келген

Қызылорда облысында прокуратура мектептердегі өрескел заң бұзушылықтарды анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: freepik.com

Прокуратура облыстағы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізу барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 200-ден астам фактісін анықтады.

"Кейбір мектептерде жұмыс істемейтін бейнекамералар жағдайды сапалы бақылауға кедергі келтіреді. Бақылаусыз қалған оқушылар информатика сабағында ересектерге арналған сайттар мен құмар ойындарға емін-еркін кіріп келген. 26 мектепте мұғалімдерді конкурссыз қабылдау фактілері анықталды, сондай-ақ соттылығы бар және медициналық мекемелерге "Д" есебінде тұрған адамдарды жұмысқа қабылданған", – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, Қызылорда қаласындағы мектептердің біріне бұрын жеңгетайлықпен айналысқаны үшін сотталған азамат, ал екіншісінде психиатрдың есебінде тұратын мұғалім жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар, жалған дипломмен жұмысқа алу фактілері де анықталды.

Прокуратура облыстағы мектептерде тексерулердің жалғасатынын мәлімдеді.

Талқылау