Қызылорда облысында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды
Қызылорда облысында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше қаза болғандардың 1956 жылы туған ер азамат және 1960 жылы туған әйел адам. ⠀
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 136 адам қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда бір күнде коронавирустан 300-ге жуық адам емделіп шыққаны белгілі болған.
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді
Алматылықтар кептеліске шағымданып, күзден қауіптеніп отыр: Әкімдік көлік мәселесін қалай шешпек
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған