"Қызды зорлап, анасын кірпішпен ұрған": Түркістан облысында ер адам екі адамды асқан қатігездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды
Әлеуметтік желідеТүркістан облысы Келес ауданында анасы мен кәмелет жасқа толмаған оқушы қыздың жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат тарады. Екі адамның мәйіті өз үйлерінен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектепте жұмыс істейтін мұғалім 16 жастағы қызға көз салған. Мұны оқушы қыз мектеп директорына айтқан соң мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Жігіт осылайша анасы мен қыздан кек алмақ болған.
“Ер адам түнде шегіп алып, қыздың үйіне барып анасы мен қызды өлтіріп кеткен. Қыздың анасын кірпішпен ұрып, талдырып, өзін бөлмеге алып кіріп, құлттап алып айуандықпен зорлаған. Бетінің сау жер қалмаған, құлақтары мен көкірегін тістеп тастаған”, – деліген желіде тараған хабарламада.
Желіде тараған хабарлама
Түркістан облысы білім басқармасы күдіктінің білім беру саласында жұмыс істегені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
“Оқиғаға қатысты Келес ауданында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттерін жүргізуге байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Ресми жауапты құзырлы органдар береді. Білім басқармасының атынан "күдікті" деп танылған азаматтың білім саласында жұмыс істемейтінін мәлімдейміз”, – делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті күдіктінің ізін суытпай ұсталғанын мәлімдеді.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді”, – деп мәлім етті полиция.
Бұған дейін Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты тергеу тоқтатылған еді.