Қытайдан келген 171 қазақстандық карантиннен шығарылды
Алматыдағы ауруханадан Қытайдан оралған 171 қазақстандық шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, стационарда эвакуацияланған студенттерден бөлек, үш отбасылық жұп, 9 және 6 жастағы екі бала болды. Олардың ауруханадан шығар кездегі жағдайы - «қанағаттанарлық» екен.
Қала ауруханадан шыққандарды үйлеріне жеткізу үшін 14 автобус бөліпті.
Еске салайық, бұған дейін Бейжіңде қалған азаматтардың тағы бір толқыны елімізге оралғаны жайлы айтылған еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”