Бейжіңде қалған азаматтардың тағы бір толқыны елімізге оралды
Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды. Бұл туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігің Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды, ішінде 211 жолаушы бар, 171-і Қазақстан азаматы, ал 40 адам Қырғызстан азаматы.
Келген жолаушылар карантинға жабылған.
"Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ.
Ал Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізіліпті.
Бұған дейін 217 қазақстандық Бейжіңнен эвакуацияланғаны жайлы айтылған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн