Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан арзан тауар жеткізіп беремін деген әйел тұрғындарды 67 миллион теңгеге алдап кеткен 

Елорда маңындағы Қосшы қаласының тұрғыны Қытайдан арзан тауар жеткізіп беремін деп 67 миллион теңгені қолды еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tv-gubernia.ru

Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адам Қытайдан арзан тауарларды (тұтыну тауарларын) жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 миллион астам қаражатын иемденді.

Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында азаматша, WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды нарықтағы төмен бағамен жарнамалайды. Қаражатты алғаннан кейін әйел өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қосшы қалалық сотының үкімімен азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды онлайн транзакциялар жасау кезінде мұқият болуға шақырды.



Еске салайық, бұған дейін Қытайдан арзан тауар әкеліп беремін деген “Айс Мұратова” есімді келіншектің әр өңір бойынша 5 мыңнан аса адамды 30 миллиард теңгеге алдағаны айтылған еді. Ақшаларын әлі күнге дейін қайтара алмай жүрген Әсемгүл Болатова, Жанар Сейтқожаева, Алма Ауысбаевалар Алматы полиция департаментіне барып, істің созбаққа салынып жүргеніне наразылығын білдірді. Жәбірленушілердің айтуынша, Айсқа жолыққаннан бері өмірлері 180 градусқа күрт өзгеріп, елдің бетіне қараудан қалған.

Талқылау