Қытайда шенеуніктерге iPhone телефондарын жұмыста пайдалануға тыйым салынды
Қытайда мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне iPhone телефондары мен басқа да шетелде жасалған құрылғыларды жұмысқа пайдалануға, сондай-ақ кеңсеге әкелуге тыйым салынды. Мемлекет бұл тыйыммен ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды мақсат еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Streer Journal басылымы сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Пекин бірнеше жылдан бері кейбір департаменттерде iPhone-ды пайдалануға шектеу қойып келеді.
Қытай бұл тыйымды Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленіс күшейген кезде енгізді.
Мемлекеттік кеңселерде шетелдік бренд телефондарына тыйым салу АҚШ-тағы шектеулерге ұқсас. Мысалы, Нью-Йорк қаласында үкіметтік құрылғыларда TikTok-қа тыйым салынған болатын.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан