Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,6 балдық жер асты дүмпулері болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жер сілкінісін төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және төтенше жағдайлар департаменті сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:52-де жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,9. Магнитудасы – 4,6", – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау