Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан мемлекеттік әнұранын қайта жазып шығармақ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік әнұранды қайта жазып шығару туралы ұсынысты құптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Садыр Жапаровтың Instagram желісінен 

Жақында Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев әнұранды өзгерту қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әнұран әмбебап болуы керек. Президент Садыр Жапаров бұл мәлімдемені қолдап, жаңартуда тұрған ештеңе жоқ екенін алға тартты.

Жапаров қазіргі әнұранның 33 жыл бұрын жазылғанын атап өтті.

"Ол кезде әнұран авторлары “қырғыз халқы, өз тағдырыңыз өз қолыңызда, алға ұмтылыңыз", – деп жазды. Содан бері біз толығымен мемлекет ретінде қалыптастық. Бізді бүкіл әлем біледі. Сонда жүз жыл өтсе, өзімізді босатып, тәуелсіз ел болғанымызды айта береміз бе?", – деді Садыр Жапаров. 



Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда "күнбағысқа ұқсамай, күннің бейнесін беруі керек" деп туға өзгеріс енгізу туралы заң қабылданған болатын.

Талқылау