Қырғызстан Қазақстан азаматтары үшін шекараны ашты
Қырғызстан 31 елдің азаматтары үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де шекара ашты. Тізімді коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб жариялады.

Бұл тізімге Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Түрікменстан, Бельгия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт, Жапония БАӘ кірді.
Бұл штаттарда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалып отыр.
Бұрын көрші елде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жекелеген санаттарына кіру шарттары жеңілдетілген болатын. Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқитын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (оқу орнынан анықтама ұсынған кезде) кіре алады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды