Кімді жақсы көресіз? Танымал блогер Тоқаевпен бірге түскен видеосын жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық блогердің ерекше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ тіліндегі видеоларымен танымал блогер Алексей Лодочников TikTok желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түсірілген видеоны жариялады.
Лодочников мемлекет басшысына сауал қойды.
“Менің президентім – краш деп жазып жатыр. Сіз жастардың кумиріне айналдыңыз. Ал сіздің крашыңыз кім?”, – деді блогер.
Президент оған “әрине, жастар, сіздерге зор үміт артамын” деп жауап берді.
@lodochnikov_ Президент: Мой краш - это молодёжь 🔥 А кто твой краш?😍
♬ оригинальный звук - Алексей Қайықбаев
Видео бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткен Ақорда резиденциясында түсірілген.
Шарада спикерлердің бірі ретінде Алексей Лодочников сөз сөйледі.
Айта кетейік, краш (ағылш. crush) – сөзі шын ұнататын адам; адамның жандүниесіне ләззат сыйлайтын нысан деген мағына береді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан