"Ким Ина мен Мин Су Енды білмейтін қазақ жоқ": Фариза Төреәлі Ва-Банк телехикаясы түсірілген жерге барды
Блогер Фариза Төреәлі халыққа кеңінен танылған Ва-Банк телехикаясы түсірілген жерге барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Желі жұлдызы жолдасы Дархан Нортаевпен Оңтүстік Корея еліне аттанған еді.
“Дәл сол Ва-Банк түсірілген жер. Өмірімдегі ең әдемі локациялардың қатарына жатқыздым, тіпті мына әдемілікке қарап көзім тоймады. Чеджу аралына Сеулдан ұшақпен 1 сағат, одан соң Seopjikoji жағажайына көлікпен жол 1,5 сағатты алады. Бірақ бұл жерді көруге тұрарлық екен, тек дорама түсірілгені ғана үшін емес ерекше табиғат көрінісі үшін де келуге болады. Көбісінің Кореяға қызығушылығы осы атақты сериалдан бастау алған ғой, Ким Ина мен Мин Су Енды білмейтін қазақ жоқ шығар?! Дархан екеуміз де дорамаларды сүйіп көреміз. Сіздерге де келу бұйырсын”, – деп жазды блогер.
Айта кетейік, қазақ еліне кәріс актерлері жиі келеді. Астана қаласында өткен ШЫҰ саммитіне “Ханзада Жумонг” арқылы танымал болған кәріс актері Сон ИльГук келген еді.
Екі ел арасындағы мәдени-ынтымақтастық орнату мақсатында ұйымдастырылған концертті жүргізу кәріс актері Сон Иль Гукке жүктелді. Желі қолданушылары сүйікті актерлерінің елге келгеніне ризашылық білдіріп жатқанын жазған едік.