Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын елінің қауіпсіздігі үшін Оңтүстік Кореяны басып алуға дайын екенін айтты

Ким Чен Ын Солтүстік Корея төтенше жағдай туындаған кезде өзінің қауіпсіздігі үшін Оңтүстік Корея аумағын басып алуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Report.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: report.az

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяны өз елінің тұрақты жауы деп санайды. Ол бұл мәлімдемені Корей халық армиясының құрылғанына 76 жыл толуына орай жасалған шарада айтты.



"Жақында партиямыз бен үкіметіміз оңтүстіккореялық қуыршақтарды еліміздің ең зиян және айнымас басты жауы деп таныды. Олардың территориясын басып алу туралы шешім қабылдадық. Төтенше жағдай туындаған кезде шекарамызды жаудан аман сақтап қалу еліміздің қауіпсіздігі мен бейбітшілігі үшін маңызды қадам", – деді Ким Чен Ын.

Айта кетейік, бұған дейін КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын елдің жауы деп есептелетін адамдардың жеке деректерін жариялайтын украиналық "Бітімгер" сайтының дерекқорына енгізілгенін жазған едік. Солтүстік Корея көшбасшысының дерекқорға қосылған күні – 6 қыркүйек. Дерекқорға енгізілуіне "Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына шабуыл" және Ресей Федерациясынмен байланысы себеп болды.

Талқылау