AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік көзделген бап алынып тасталады

ҚР Қылмыстық кодексінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін бап алынып тасталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қолданыстағы Қылмыстық кодексте "Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін – елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – елбасының заңды қызметіне кедергі жасау" деген 373-бабы бар.

Әділет министрі Қанат Мусин журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұл баптың алынып тасталатынын айтты.

"Ел президентін қорлағаны үшін жауапкершілік туралы басқа бап бар, ол қалады. Ал елбасына қатысты бөлек бап болмайды", - деді ол.

Сондай-ақ журналистер әділет министрінен президент кезінде жасаған әрекеттері үшін Назарбаевты жауапкершілікке тартуға бола ма деп сұрады.


Нұрсұлтан Назарбаевты қандай қылмыс бойынша жауапқа тартуға болады – Министр айтты


"Конституция бойынша Қазақстан президенті мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, басқа қылмыстар үшін де жауапқа тартылады", – деп жауап берді Қанат Мусин.

Еске салсақ, 5 маусымда Қазақстанда конституциялық түзетулер бойынша бүкілхалықтық референдум өткен болатын. Еліміздің негізгі заңынан "Тұңғыш президент туралы" заңды жою арқылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер алынып тасталады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр