Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтар ешқашан радикал болмады": Назарбаев елдегі терроризм жайлы айтты

“Штрихи к портрету. Лидер” деректі фильмінде  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистің Қазақстанда терроризмге қалай жол берілмегені туралы сұрағына жауап берді.

“Тәжікстанда кезінде діни соғыс болған. Тәжікстанның қазіргі президенті Рахмон астанасында қолында автоматпен жүрді, босатуы керек еді. Екі діни бағыттың арасында қорқынышты қырғын болды. Қазір ол кейбір жерлерде жалғасуда, біз оны көріп отырмыз. Бізде ондай болмады және болашақта да болмайды деп үміттенемін. Сонымен бірге бізде толық діни бостандық бар”, – деді экс-президент.

Нұрсұлтан Назарбаев демократия дегеніміз – адам жұмыс істеп, отбасын асырай алатын, тұратын жері бар адам.



"Егер кедейлік болса, демократия болмайды, соғыс болады", – деп қосты ол.

“Қазақтар ешқашан радикал болған емес. Бірақ олар Батыс Қазақстанда, Ақтөбеде пайда болды, соғысуға кетті, содан кейін көпшілігін қайтардық. Олар қарапайым адамдарды "алдап", ақша төлеп, алып кетті. Бірақ мұндай бізде көп болған жоқ. Біз ешкімге зиян келтірмейміз, бізде ислам діні қайта жанданды”, – деді Елбасы.

Талқылау