Қазақстанның 50 мектебінде дәретханалар далада орналасқан - Министр Аймағамбетов
Елімізде әлі 50 мектепте дәретханалар ғимараттан тыс орналасқан. Негізінен, шалғай елді-мекендерде. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Оның сөзінше, ведомство тұрғындар үшін жедел желіні іске қосты. Аталған телефон бойынша мектеп дәретханаларының жағдайына қатысты шағымдануға болады.
Өтініштерді WhatsApp пен Telegram-арнасына жіберуге болады.
Әкімдіктер келер оқу жылы басталғанға дейін мәселені толық шешуге уәде берді.
"Біз жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша, ол дәретханалардың үнемі жұмыс істемейтінін көрдік. Сондықтан санитарлық қызмет оларға үлкен айыппұл салады, оны жасырмауымыз керек.
Біз ол туралы үнемі айтамыз және бақылауда ұстаймыз. Екінші мәселе, қала мектептерінде де санитариялық тораптардың жағдайы мәз емес.
Кейде дәретханалар салынады, бірақ жекешеленуді ұйымдастыру керек. Жеке кабиналар мен қол жууға мүмкіндік, сабын және басқа да қажетті заттар болуы керек. Бұл жүйелі тұрақты жұмыс, біз оны жалғастыратын боламыз", - деді Аймағамбетов.