AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға су тапшылығы қаупі төніп тұр – Экология министрі

Экология министрі Қазақстанда су тапшылығының жылына 23 текше шақырымға жететінін айтты. Су ресурстарына қысым қазірдің өзінде орасан зор. Ал оны азайтпаса, мамандар бүкіл экожүйенің бұзылатынын жеткізіп, дабыл қағуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Халық санының, мал басының және өндірістің өсуімен суды тұтыну 30 текше шақырымға дейін артады. Ал ішкі ресурстар 2030 жылға қарай қысқарады. Оның ішінде шекаралас елдердің аумақтарынан келетін ағынның азаюы есебі де бар.   Нәтижесінде тапшылық 23 текше шақырымды құрауы мүмкін. Бұны халықтың және экономика салаларының жылдық су тұтыну мөлшерімен салыстыруға болады. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттырмаса, 2040 жылға қарай сумен қамтамасыз ету жағдайы қайтымсыз нашарлауы мүмкін”, – деді экология, геология және минералдық ресурстар министрі Серікқали Берекешов.



Деректерге сәйкес оңтүстік өңірлер көптен бері су дағдарысымен күресе алмай келеді. Экономиканы, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға ондағы қолда бар ресурстар жеткіліксіз. Су тапшылығы өзендердің қатты ластануынан ушығып отыр. Қазір ресми мәлімет бойынша жарты миллион азаматымыз оған қол жеткізе алмай отыр. Ал президент бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізуді тапсырды. Сумен жабдықтау жүйесін әртүрлі мемлекеттік органдар басқарады. Елімізде бірде-бір су кадастрының да жоқтығы осыдан болса керек. Депутаттар ең болмағанда су әлеуетін зерттеуден бастауды ұсынып отыр. Бізде жер асты суларын бақылайтын 310 баған ғана орнатылған. Ал негізінде олардың дәл қазір 800-і қажет.

“Біздің ұсынысымыз жер асты суларын зерттеу. Мысалы Атырау облысында 60-шы жылдардағы ескірген әдістер қолданылады. Сондықтан судың құрамы жақсы, қоры мол. Ал құдық орнатылған кезде құрамы негізге сәйкес келмейді. Сондықтан жер асты суларының сапалы мониторингіне қаржы бөлу қажет”, – деп қосты депутат Нұрлыбек Ожаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр