Қазақстандықтар жаңа лауазымға тағайындалған Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп петиция жариялады
Қазақстандықтар Мәди Ахметовтің Алматы облысық жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымынан отставкаға кетуін талап етіп петиция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ALASH интернет-сайтында Алматы облысының жастар саясаты басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Мәди Ахметовті қызметінен босатуды талап етіп петиция жарияланды. Петиция авторы бұл талабының негізгі себебін көрсетпеген.
"Ол “қазақ жастарының атынан" Алматыда тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартты. Кейін Мәди Ахметов президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды", — делінген петиция мәтінінде.
Екі сағаттың ішінде Мәди Ахметовті отставкаға жіберу туралы өтінішке 84 адам қол қойды.
Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтың Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен