Қазақстандық теннисші Уимблдонда сенсация жасап, әлемнің 1-ракеткасын жеңіп кетті
Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған дейін Путинцева Швентектен бір сет басым түсіп көрмеген еді.
Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі.
1/8 айналымда Юлия Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да Уимблдонның төртінші айналымына шықты. Қазақстанның үздік теннисшісі даниялық Каролин Возняцкиді 57 минут ішінде 6:0, 6: 1 есебімен жеңді.
Қазақстандық әйел дүкеннен сатып алған шырынның орнына дәрет құйылғанын айтып, шағымданды
Гүлнар: "Ағам, атам, анам барлығы сусынды ішкен соң құса бастады"
Оқу ма, саяхат па? Түркістан облысының медицина ұйымдары Нью-Йоркке баруға 116,8 миллион теңге жұмсамақ
Әр келісімшарттың құны – 7,3 миллион теңге