Қазақстандық теннисші әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты
Үстел теннисінен әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан жалғыз теннисші Алан Құрманғалиев жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Үстел теннисінен Хельсинборг қаласында (Швеция) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалдық матчта жарыс жолынан шығып қалды. Бұл кезеңде Құрманғалиевтің қарсыласы неміс спортшысы Андре Бертельсмайер болды. Кездесу 4:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. 17 жастағы Алан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында өнер көрсетті. 1/16 финалда Құрманғалиев Камерундық Юлан Батиксты 4:3 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырған еді.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев жұптық сайыстарда да бақ сынап, жеңіліп қалды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды

