Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатының финалына өтті
Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында Франция құрамасын жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жартылай финалда шахматшылар жеңімпазды анықтау үшін қосымша үшінші партия өткізген. Нәтижесінде еліміздің құрамасы 2:1 есебімен басым түсті.
Алғашқы матч кезінде құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева франциялық Дейманте Даулите-Корнеттке есе жіберді. Ал үшінші тақтада Алуа Нұрманова Софи Мильеден жеңіліп қалды.
Құрама мүшелері Меруерт Камалиденова мен Амина Қайырбекова ойын барысында тең түсті. Қарымта ойында қазақстандық шахматшылар есе қайтарып, Алуа Нұрманова мен Амина Қайырбекова жеңіске қол жеткізді.
Тай-брейк барысында отандастарымыз 4:0 есебімен жеңді.
"Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек" деп айтқан қарағандылық мұғалім жұмысынан кетті
"Хиджаб кимейді, мектепте кимейді" дейді мұғалім өзінің қыздары жайлы
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі